ШҚО-да «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 735 жер үй салынып жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 735 жер үй салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңірлік бағдарлама бірінші кезекте қалалар мен аудандардағы көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға бағытталған.

Облыста құрылыс жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқанына қарамастан аталған санаттағы азаматтар арасында баспанаға мұқтаждар әлі күнге дейін аз емес. «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы щеңберінде жеке инвесторлардан 16 млрд теңге тартылған. Осылайша, қазіргі уақытта 735 жер үй салынып жатыр.

Тұрғын үйлердің жалпы ауданы 105,9 мың шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар мемлекеттік қаражат есебінен коммерциялық тұрғын үйлер салынып жатқан аумақтарға инженерлік коммуникациялар тартылуда.

Өткен жылы осы бағдарлама бойынша 106 мың шаршы метр жеке тұрғын үй салынған.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да инвесторлар есебінен 82 көпқабатты үй салынып жатқанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар