ШҚО-да бір жылда 34,8 мың гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысына соңғы бір жылда 34,8 мың гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен өткен жиналыс барысында жайылымдық жерлерді қайтару мәселесіне тоқталып, балалар үшін жазғы демалысты ұйымдастыру жайын сөз етті.

«Өңірде пайдаланылмай бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жерді тәркілеу алгоритмі бар. Соңғы бір жылда 34,8 мың гектар жер қайтарылды. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады», - деді ШҚО әкімі.

Өз сөзінде ол білім басқармасына жазғы тіл мектептерінің жобасын әзірлеуді тапсырды.

«Онда қалалардағы оқушылар қазақ тілін, ал ауылды жерлердегі балалар ағылшын және орыс тілдерін оқи алады. Сондай-ақ «Аюда» демалыс базасындағы «Алқызыл желкендер» жазғы лагерін маусымға қарай жөндеуді жоспарлап отырмыз», - деді Даниал Ахметов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанға алдағы жылыту маусымында 4 млн тоннадан астам көмір қажет екендігін хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар