ШҚО-да бір жылда 204 адам өндірістік жарақат алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір жылда 204 адам өндірістік жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылы облыс кәсіпорындарында жұмыс барысында 204 адам жарақат алып, 23 жұмысшы көз жұмған. Бұл жайлы облыстық Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов мәлім етті.

«Зардап шеккендер саны бойынша бірінші орында тау-кен металлургия өнеркәсібі – 41 адам, екінші орында бюджеттік сала – 32, үшінші орында құрылыс саласы – 24 адам. Өңір бойынша өндірістік жарақат алғандар саны жағынан Өскемен қаласы алдыңғы орында тұр. Онда бір жылда өндірісте 48 жазатайым оқиға тіркелген», - дейді ол.

Жарақат алудың негізгі себептері – жұмыстағы қауіпсіздіктің дұрыс қамтамасыз етілмеуі және қызметкерлердің салғырттығы.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстанда туып-өскендерге қосымша ақы мен 10 күн демалыс қосылатындығын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар