ШҚО-да бір түнде 26 адам қар құрсауынан құтқарылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір түнде 26 адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бірінші қоңырау «Мақаншы-Үржар» тасжолында Toyota Highlander көлігі жыраға құлап кеткен жүргізушіден түсті. Оқиға орнына келген №54 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері арнайы техникамен көлікті сүйреп шығарды. Осылайша, 3 адам Мақаншыға қарай қайта бет алған.
«Сондай-ақ «Мақаншы-Благодарное» тасжолында қарға батқан 2 көлікте 4 адам болған. Құтқарушылар бірден сол жерге жетіп оларды эвакуациялады. Дәл осындай жағдай Тарбағатай ауданындағы Ақжар-Шілікті тасжолында тіркелген. Қар құрсауында қалған 2 көліктегі 4 азаматты №52 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері маңайдағы қыстаққа жеткізді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Ал «Омбы-Майқапшағай» тасжолында жолда қалған 6 көліктің ішінде «Газель» мен КамАЗ болған. Құтқарушылар көліктерді қардан шығарып, 15 адамды Зайсан қаласына дейін апарып тастады.
Жалпы 1 түннің ішінде қар құрсауында қалған 26 адам құтқарылды.
- Шағын несие беру ұйымына шабуылдаған ер адам Атырауда ұсталды
- Қызылордада бесінші қабаттан секіріп кеткен 14 жастағы қыз қайтыс болды
- Қазгидромет: Наурыздың 8-і күнгі ауа райы болжамы
- Ақмола және Қостанай облыстарында жол жабылды
-
Қарағандыдағы пәтерлердің бірінен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды
-
Қазақстанда 10 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам