ШҚО-да бір тәуліктің ішінде үш көлік өртенді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда қозғалыс кезінде өртенген көліктер саны артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша,  бір тәулікте үш көлік отқа оранған. Курчатов қаласынан шығып, Семей-Павлодар  бағытында жүріп келе жатқан «МАN» маркалы жүк көлігінің қозғалтқышынан өрт шыққан. Көлік жартылай жанып кеткен.

Сондай-ақ, Үржар ауданында Жоғары Егінсуға жол тартқан «Howo» көлігінің де қозғалтқышынан от тұтанған. Дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер  өртті тез ауыздықтап үлгерді. 

Семей қаласында өртенген 2015 жылғы «Газель» көлігінің де қозғалтқышында ақау болған. 

Департамент мамандары үш оқиға да жүргізушілердің салғырттығынан болған деп отыр.

Соңғы жаңалықтар