ШҚО-да бір тәулік ішінде 4 дала өрті тіркелді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір тәулік ішінде 4 дала өрті тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар Бородулиха ауданы Пролетарка ауылында 40 гектар аумаққа жайылған шөп өртін сөндірді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан және жергілікті атқарушы органнан 8 адам мен 4 техника жұмылдырылған.

«Облыс бойынша өткен тәулікте 4 дала өрті тіркелді. Жалпы биыл өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері далада 113 өрт болған. Қызыл жалынның аумағы 2501 гектарға жайылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

ТЖД мамандары орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде мониторинг жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта облыс бойынша арнайы жасақталған мобильді топтар профилактикалық рейдтерге шығуда.

«Соның нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 260 адам анықталды. Олар ӘКҚтК-нің 336 және 410-баптары бойынша әкімшілік жауапқа тартылған», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар