ШҚО-да бір күнде төтенше жағдай режимін бұзған 7 кәсіпкер анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзған кәсіпкерлерді жауапқа тартуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен қаласындағы лоундж-бар иесі заңмен бекітілген шектеулерге қарамастан сағат 22.00-ден кейін жұмысын жалғастыра берген. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 күнге қамауға алынды. Бұдан бөлек, Семейдегі қоғамдық тамақтану орындарын жалға алған екі кәсіпкер 5 күнге қамалған.

«Күн сайын тәртіп сақшылары әкімдікпен және өңірдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандарымен бірлесіп рейд жүргізуде. 31 наурыз күні ТЖ режимін бұзған 7 кәсіпкер анықталған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай жарияланған болатын.


Соңғы жаңалықтар