+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

ШҚО-да бір күнде 9 жүргізуші мас күйінде рульге отырған

2020 жылғы 13 ақпан 23:10
Бөлісіңіз:
ШҚО-да бір күнде 9 жүргізуші мас күйінде рульге отырған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 1 күні ішінде мас күйде көлік тізгіндеген 9 жүргізуші анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда көлік қозғалысы бес есеге азайды Елордаға жасыл дәліз арқылы жүк көліктері қалай өтеді Семейде қоғамдық көліктер жаңа кестемен жүреді

2020 жылғы 13 ақпанда түнгі сағат 03.00 шамасында тәртіп сақшылары Глубокое ауданындағы «Өскемен-Алтай» тасжолында «ВАЗ 2107» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Полицейлер бірден 44 жастағы жүргізушіден алкогольді ішімдіктің иісін сезеді. Облыс орталығының тұрғыны медициналық тексеріске жіберілгеннен кейін оның орташа деңгейде мас болғаны анықталған.

Қазіргі уақытта Глубокое аудандық сотының үкімімен жеті жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған айыпталушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал көлігі айыппұл тұрағына қойылған.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде өңір бойынша «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Алғашқы күннің өзінде бекітілген жылдамдықты асырған 50 жүргізуші, қарсы бағытқа шығып кеткен 5 автокөлік, осыған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылса да рульге отырған 5 және мас күйде көлік тізгіндеген 9 адам анықталды. Сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 180 жүргізуші, жол ережесін бұзғаны үшін 180-нен астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапқа тартылған.

«Айыппұл тұрағына 9 көлік қойылған. Жолдардың қауіпті учаскелерінде 190-нан астам көлік патрульдері ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ», - делінген ведомство мәліметінде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT