ШҚО-да бір күнде 5 өрт сөндірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында соңғы тәулікте 5 өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 қаңтар күні Тарбағатай ауданындағы ЖШС-нің бірінің аумағында орналасқан гараждың шатыры жанған. Тілсіз жау 2021 жылғы «Т-170» тракторын да шарпыған. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар жалпы ауданы 100 шаршы метрге жеткен жалынды сөндірді.

«Осы күні Глубокое ауданы Тарханка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шыққан. От қабырғаны, еденді, терезе және есік блоктарын, шатырды, жиһаз бен жеке заттарды шарпыды. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі – пеш орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау болып отыр», - делінген ақпаратта.

Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінде жер үйде өрт болды. Сол жерге шұғыл келген өрт сөндірушілер қызыл жалынды толықтай сөндірді.

«Күршім ауданы Топтерек ауылындағы жеке тұрғын үйдің шатыры, еденнің ағаш құрылымдары, жиһаз және жеке заттар жанған. Өрттің шығуына – пеш пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ Шемонаиха қаласы Восточный көшесінде орналасқан гараждан өрт шықты. Оқиға орнына жеке құрамнан 8 адам және 2 техника жұмылдырылып, көп ұзамай отты өшірді», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар