ШҚО-да бір күнде 5 өрт сөндірілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер бір күн ішінде 5 рет қызыл жалынды сөндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 шілде күні сағат 11.39-да Ұлан ауданы Желдіөзек кентінде монша мен гараждың шатыры өртенген. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар 96 шаршы метр аумақты жайлаған жалынды сөндірді.

«Сағат 19.38-де Өскемендегі Тургенев көшесінде жеке тұрғын үй мен моншада өрт шыққан. Жалын шарпыған аумақ 6 шаршы метрді құрады. Белгілі болғандай, оттың шығуына пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған», - делінген хабарламада.

Семейдегі Гражданская көшесінде жалын шарпыған жер үйге құтқарушылар келіп жеткенше 2007 жылғы бозбала өз бетімен сыртқа шығып үлгерген. Жалпы ауданы 30 шаршы метрді шарпыған тілсіз жау көп ұзамай ауыздықталды.

«Өскемендегі «Пищевик-1» саяжай қоғамдастығында орналасқан жеке тұрғын үйде жиһаз өртенді. Жалын шарпыған аумақ - 24 шаршы метр. Шемонаиха қаласы Панфилов көшесіндегі өртенген үйден 1989 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өртті сөндіруге 11 адам мен 3 техника жұмылдырылған», - делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар