ШҚО-да бір күнде 39 дала өрті болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір күн ішінде 39 дала өрті ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында дала өрті жиілеп кетті. Тек соңғы тәулікте облыс бойынша 39 өрт шыққан.

Мәселен, Семей қаласындағы Советская көшесінде тұратын азамат өз учаскесінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып от жаққан. Соның салдарынан жалын көрші аумаққа тарап кетті. Тілсіз жау шаруашылық қора-жайға және 40 шаршы метр аумақта құрғақ шөпке жайылды.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл келіп жетті. Көп ұзамай от толықтай өшірілді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 336-бабы бойынша 61 260 теңге сомасында айыппұл салынды», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, сәуір айының басынан бері облыстың барлық дерлік аудандарында далада өрт шыққан.


Соңғы жаңалықтар