ШҚО-да бір күнде 22 мас жүргізуші ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір күнде мас күйде рульге отырған 22 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасының бірінші күнінде жол ережелерін бұзудың 1380 фактісі анықталды. Оның ішінде қоғамдық көліктің 19 жүргізушісі ереже бұзған.

«Мас күйде көлік тізгіндеген 22 жүргізуші ұсталды. Сондай-ақ қарсы жолаққа шығып кеткен 10 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бекітілген жылдамдықты асырғаны үшін 93, маневр жасау ережелерін бұзған 101, қауіпсіздік белдігін тақпаған 228, көлік тізгінінде телефон пайдаланған 163 және көлік құралдарын басқару құқығынан айырылса да рульге отырған 37 жүргізуші тіркелген», - деді ШҚО ПД ЖПҚБ бастығы Талғат Нұриев.

Бұдан бөлек, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны 264 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Соңғы жаңалықтар