ШҚО-да бір қаңғыбас итті атуға 4 мың теңге жұмсалады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір қаңғыбас итті атуға 4 мың теңге жұмсалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл өңірде қаңғыбас жануарларды аулап, атуға 80 миллион теңге бөлінген. ШҚО Ветеринария басқармасының мәліметіне сүйенсек, бір жануарды атуға 3 770 теңге жұмсалады. Осы жылы 9 мыңға жуық қаңғыбас ит пен мысық ауланған.

«Бірнеше ай бұрын «Бриджит Бордо» зоофондының өкілдерімен қаңғыбас жануарлармен күресудің жаңа әдістерін талқыладық. Біз ит пен мысықты аулау, чиптеу және зарарсыздандыру туралы айтылған оймен келісеміз. Бұл қаңғыбас жануарлардың көбеюіне тосқауыл қоюға көмектеседі», – деді басқарма басшысы Рамиль Сағандықов.

Қазіргі уақытта жаңа заң жобасы үкіметте қаралуда. Рамиль Сағандықовтың айтуынша, заң 2022 жылдың ортасында күшіне енуі мүмкін.


Соңғы жаңалықтар