ШҚО-да бір айдан бері полигондағы қоқыс өртеніп жатыр

Фото:
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында бір айдан бері полигондағы қоқыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

17 сәуірден бері Алтай ауданындағы полигонда қоқыс жанып жатыр. Айналаны басқан көк түтін желмен аудан орталығына дейін жетуде.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Сондай-ақ тілсіз жауды ауыздықтау үшін жергілікті әкімдік су тасығыш техникалары бар мердігерлерді тартты.

«Бүгінгі таңда өрттің беті қайтпай жатыр. Себебі өрт ошағы тереңде. Жалынның шыққанына 1 ай болды», - дейді аудандық ТЖБ бастығының орынбасары Азамат Әбдірахманов.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта түтіндеген полигон аумағы 2 гектарға жеткен.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да әлеуметтік нысандар 1 тамызға дейін көмірмен толық қамтылатындығын хабарлаған едік .



Соңғы жаңалықтар