ШҚО-да бетперде шығару өндірісі жолға қойылады - Даниал Ахметов

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау үшін барлық бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін арнайы жиналыс өткізіп, коронавирустың алдын алу шараларын күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырма бердім. 3 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан аумағында көпшіліктің қатысуымен өтетін бұқаралық іс-шаралар тоқтатылады.
Қазіргі уақытта облыстың медициналық мекемелері қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. Бұған қоса, ауруханаларда арнайы оқу-жаттығулар өтуде. Сондықтан бұл сақтық шараларына түсіністікпен қарап, қорықпауға шақырамын», - деді облыс тұрғындарына үндеу жасаған облыс әкімі Даниал Ахметов.

Әкімнің айтуынша, жергілікті кәсіпорындарда қорғаныс маскаларын жасау туралы шешім қабылданған. Таяу арада 500 мыңнан астам бетперде шығарылмақ.


Соңғы жаңалықтар