USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Бетпе-бет соғылған көліктердің бірінде қыстырылып қалған адам құтқарылды - ШҚО

2021 жылғы 9 желтоқсан 02:15
Бөлісіңіз:
Бетпе-бет соғылған көліктердің бірінде қыстырылып қалған адам құтқарылды - ШҚО

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар көлікке қыстырылып қалған азаматқа көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да қазақ тілі пәнінің 760 мұғалімі біліктілігін арттырады Сапасыз үй салғандар заң алдында жауап беруі керек - Даниал Ахметов ШҚО-дағы тасжол бойында жарылыс жасалып, 1400 текше метр қар түсірілді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 8 қараша күні Өскемендегі Понтонный көпірінің маңында болған.

«ВАЗ-2106» мен «Газель» көліктері бетпе-бет соқтығысты. Жол апаты салдарынан «ВАЗ-2106» автокөлігінің жүргізушісі салонда қыстырылып қалған. Көп ұзамай сол жерге жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп жетті. Олар 1954 жылғы ер адамды гидравликалық құралдың көмегімен алып шықты. Зардап шегуші бірден жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына қандай да бір қиындыққа тап болған кезде «112» телефон нөміріне хабарласу қажеттігін еске салды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT