ШҚО-да бесінші қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының полицейлері бесінші қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған Первомайский кентінің тұрғыны 30 жастағы күйеуінің өз-өзіне қол жұмсамаққа әрекеттеніп жатқанын жеткізді. Белгілі болғандай, ер адам 5-қабаттағы пәтер терезесінен секірмек болған.

«Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Сайран Қалиев пен жедел уәкіл Руслан Қойшыбаев шұғыл келіп жетті. Олар аяғын терезеден шығарып үй қабырғасына тіреп тұрған азаматты көреді. Полиция қызметкерлерінің бірі ер адаммен келіссөз жүргізіп, оны пәтерге қайта кіргізу үшін темекі сұраған. Сол кезде тәртіп сақшысы оған жақындап келіп ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ Шемонаиуха ауданы тұрғынының мас күйінде болғаны анықталып отыр.


Соңғы жаңалықтар