ШҚО-да бес күнде мас күйде көлік тізгіндеген 50 жүргізуші анықталды
2022 жылғы 5 шілде 20:36

ШҚО-да бес күнде мас күйде көлік тізгіндеген 50 жүргізуші анықталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бес күнде мас күйде көлік тізгіндеген 50 жүргізуші анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасын жүргізді.

Бес күн ішінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 6 649 фактісін анықтады. Оның ішінде мас күйде көлік тізгіндеген 50 жүргізуші ұсталып, жолдың қарсы бағытына шығудың 41 фактісі тіркелді.

«Қоғамдық көлік жүргізушілері 48 рет құқық бұзушылыққа жол берген. Жол ережесін сақтамаған жаяу жүргіншілер де аз емес. Атап айтқанда, 1300-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Бұдан бөлек, 72 автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылып, 73 көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT