ШҚО-да бес күнде іздеуде жүрген 12 қылмыскер ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері бес күн ішінде іздеуде жүрген 12 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 23-29 тамыз аралығында өңір аумағында «Құқық тәртібі» жедел алдын алу шарасы жүргізілген. Бес күн ішінде тәртіп сақшылары 150-ге жуық қылмысты ашты. Оның ішінде 50-і бұрын жасалған.

«Жедел уәкілдер іздеуде жүрген 12 қылмыскерді ұстады. Сондай-ақ 9 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Атап айтқанда, ұсақ бұзақылық – 1349, қоғамдық орындарда ішімдік ішу және мас күйде болу – 1951. 8 мыңнан астам есепте тұрған адам тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді», - деді облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.

Бұдан бөлек, заңсыз айналымнан 24 қару тәркіленген. Мас күйде көлік тізгіндеген 86 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды.


Соңғы жаңалықтар