ШҚО-да бес адам мінген көлік мұз астына түсіп кетті, бір жолаушы көз жұмды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасында жеңіл көлік суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәлімет бойынша, бүгін сағат 19.44 кезінде Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында қайғылы жағдай болған.

Осындағы Қызыл ту өткелі маңында жолаушылар көлігі суға батып кетті. Көлікте 5 адам болған.

Салдарынан 1950 жылы туған әйел адам суға батып көз жұмған.

Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы барды.

Айта кетейік, аталған жағдай болған аумақта мұз айдынына шығуға тыйым салынатыны туралы белгі қойылған.

Күн санап ауа температурасы төмендеп келеді, бірақ бұл кезеңде мұз алдамшы екенін есте ұстаған жөн. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі көлікпен мұз үстіне шығу қауіпті екенін еске салады.

«Кез келген су айдынындағы мұздың қалыңдығы біркелкі емес. Жағалауға, қамыс пен өсімдік жамылғысының айналасына қар жиналады. Автокөліктердің қауіпсіз өтуі үшін мұз жамылғысының қалыңдығы - кем дегенде 30 см, жүк көлігі үшін автомобильдің салмағына байланысты 70 см-ден кем болмауы керек» дейді министрліктің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Төтенше жағдайлар министрлігі ресми түрде рұқсат етілген мұз өткелдері ашылғанға дейін көліктердің мұз үстімен шығуына қатаң тыйым салынатын еске салады.


Соңғы жаңалықтар