ШҚО-да бензинмен жұмыс жасайтын арасын жөндеп жатқан ер адам күйіп қалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бесқарағай ауданында орталық аурухананың хирургия бөліміне өзінің абайсыздығы салдарынан мойнын, ішін, аяқ-қолдарын бірінші, кей бөліктерін екінші дәрежелі күю жарақаттары шалған 33 жастағы ер адам түсті, деп хабарлады облыстың ІІД-нен.

Бұл оқиға кеше кешке Бесқарағай ауылында болды. Өрт сөндірушілерге екі қабатты тұрғын үйден түтін шығып жатыр деген хабар түскен. 5 минут өткеннен кейін 54-ші өрт сөндіру бөлімінің мамандары оқиға орнында болды. Анықталғандай, бірінші қабатта орналасқан бір бөлмелі пәтерде үй иесі жылыту пешінің жанында бензинмен жұмыс жасайтын арасын жөндеп жатқан. Абайсызда жанар-жағармай төгіліп кетіп, салдарынан оның үстіндегі киім мен линолеум төселген еден өртене бастаған. Отқа оранған аумақ 1 шаршы метрді құрады.

Соңғы жаңалықтар