ШҚО-да базарда жоғалып кеткен 5 жасар қыз табылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында базарда жоғалып кеткен 5 жасар қыз табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына Шемонаиха қаласының 41 жастағы тұрғыны хабарласқан.

Өз сөзінде ол орталық базарда қызының жоғалып кеткенін жеткізді.

Оқиға орнына бірден тәртіп сақшылары келіп жетті. Олар бала болуы мүмкін орындардың барлығын пысықтап, көшелерді, үйлерді, аулаларды аралап, Үбе өзенінің жағасын шолып шықты.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қыз аман-есен табылған.

«Учаскелік инспектор Болат Мусин қызды балалар үйінің маңында тұратын көршілерінен тапты. Белгілі болғандай, базарда құрбысын көрген 5 жасар бала әке-шешесіне ескертпей оның үйіне кетіп қалған», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта қыз ата-анасына тапсырылды. Өз кезегінде олар жедел әрекет еткен полицейлерге ризашылығын білдірді.



Соңғы жаңалықтар