ШҚО-да барлық сауда орындарында дезинфекциялау жүргізіледі

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы барлық сауда нысандарында дезинфекциялау жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ШҚО Ақпараттық орталығында өткен баспасөз брифингі барысында облыстық Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шорманов мәлім етті.

«Жергілікті билік өкілдері 5 746 нысанды аралап, жалпы аумағы 1,1 миллион шаршы метрді құрайтын аумаққа тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, жауапты сала мамандары сауда орындарының басшыларымен келіссөз жүргізді. Соған сәйкес сауда үйлері мен қоймаларда күніне кем дегенде үш рет дезинфекция жүргізіледі», - деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, ірі сауда орталықтары мен базарлар санитарлық қауіпсіздікті сақтай отырып, сағат 10.00 мен 18.00 аралығына дейін ғана жұмыс істейді. Ал азық-түлік дүкендері мен супермаркеттердың жұмыс уақытына өзгерістер енгізілмейді.

«Нан және кондитер өнімдері ораулы қалпында саудаға шығарылуы тиіс. Сонымен қатар киім-кешек сататын базарлар санитарлық жағдайды қатаң сақтап, сағат 11.00-17.00 аралығында ғана жұмыс істейтін болады», - деді Ержан Шорманов.


Соңғы жаңалықтар