+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ШҚО-да банк менеджері 4,5 млн теңге қаржыны иемденген

2020 жылғы 3 тамыз 20:05
Бөлісіңіз:
ШҚО-да банк менеджері 4,5 млн теңге қаржыны иемденген

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда банк менеджерінен 80-нен астам тұрғын зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде адам ұрлағаны үшін іздеуде болған қылмыскер Нұр-Сұлтаннан ұсталды ҚР ҰҚК «Головлев-Кабдушев» қылмыстық тобының әрекетіне қатысты жағдайды түсіндірді Елордада банк менеджері клиенттердің шотынан қомақты қаржы алған – полиция

Ведомстводан мәлім еткендей, Өскемен қалалық полиция басқармасында лауазымын асыра пайдаланып, ұрлық жасады және алаяқтықпен айналысты деген күдікпен 28 жастағы тұрғынға қатысты қылмыстық іс өндірісі аяқталды.

«Күдікті банк бөлімшесінде банк карталары жөніндегі менеджер қызметінде 3 жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Ол банк клиенттеріне төлем карталары бойынша қызмет көрсетіп келген», - деп түсіндірді облыстық полиция департаментінен.

Полиция қызметкерлері күдіктінің қызметтік лауазымын пайдалана отырып, клиенттердің ақшалай қаражатын өз шотына аударып келген, сондай-ақ клиенттерге жалған ақпарат бере отырып, банктің 89 клиентіне қатысты бірқатар қылмыс жасаған.

«Тергеу барысында 4 500 000 теңгеге қатысты арыз түсті», - ШҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Жанболат Қалетаев.

Айта кетейік. Қылмыстық іс өндірісі аяқталып, сотқа жіберілді.


Авторы Орал Ерланұлы


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT