ШҚО-да балықты заңсыз аулағандардың үстінен іс қозғалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері заңсыз ауланған 200 келіден астам балықты тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, өңірде 16 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Бекіре – 2020» шарасы өткізілуде. Соның аясында бүгінде балық аулау ережелерін бұзу фактілері бойынша 3 қылмыс ашылып, 230-ға жуық әкімшілік хаттама толтырылған.

«24 мамыр күні тәртіп сақшылары ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Семей қалалық бөлімінің инспекторларымен бірлесіп Балықтыкөлде кезекті рейд жүргізді. Шара барысында «Семей-Курчатов» тасжолының 74-шақырымында 53 жастағы ер адам тізгіндеген «УАЗ» маркалы көлік тоқтатылды. Тексеру кезінде салоннан 3 синтетикалық ау, 1 үрлемелі қайық, сорғы мен ескектер, резеңкелі етік, қаптарға салынған салмағы 200 келіден асатын 199 тұқы балығы және 1 шортан тәркіленді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар