ШҚО-да балық қорын сақтау үшін мұз бетін бұрғылап жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында су қоймаларындағы балық қорын сақтау үшін мұз бетін бұрғылау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының дерегінше, балық аулау кәсіпорындары жыл сайын өңірдің су айдындарында мелиоративтік жұмыстар жүргізуде. Мұндағы мақсат – балық қорын сақтау және арттыру. Сондай-ақ өзендердегі балықтың қырылуын болдырмау және судағы оттегі азайып кетпес үшін қыс кезінде мұз беті бұрғыланады.

«Осы сынды жұмыстар ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде жүзеге асырылады. Олар бізге мелиоративтік жұмыстардың қажеттілігін, күтілетін нәтижелер мен болжамдарды, нақты мелиоративтік жұмыстар жүргізілуі тиіс жерлерді, мерзімдерін және әдіс-тәсілдерін айтып отырады», - делінген хабарламада.

Осындай шаралар Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасында, Тораңғы шығанағында және Қара Ертіс өзенінде жүргізілген.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-дағы Аягөз өзенінде балық қырылғандығын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар