ШҚО-да баласына алимент төлемей жүрген 50-ден астам адам анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында баласына алимент төлемей жүрген 50-ден астам адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша жыл басынан бері алимент төлемегені үшін іздеуде болған 50-ден астам ер адам табылды.

«Мәселен, Күршім аудандық полиция бөліміне өзінің кәмелетке толмаған баласына алимент төлемей жүрген 31 жастағы азаматты іздестіру туралы жеке сот орындаушысының қаулысы келіп түсті. Әкесінің баласына қарызы шамамен 1 500 000 теңгеге жеткен. Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің мамандары қысқа мерзімде ер адамның орналасқан жерін анықтады. Ол Қостанай қаласында жүрген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ақшаны өндіріп алу үшін тиісті материал жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберілді.


Соңғы жаңалықтар