ШҚО-да баласына алимент төлемей қойған 70-тен астам адам анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл баласына алимент төлемеген 70-тен астам адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері полиция қызметкерлері баласына алимент төлемеген 70-тен астам адамды анықтады.

«Мәселен, Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне өзінің кәмелеттік жасқа толмаған баласына 700 000 теңгеден астам қарызы бар 31 жастағы ер адамды іздестіру туралы жеке сот орындаушысының қаулысы түсті. Іздестіру шаралары кезінде көші-қон қызметінің мамандары оның қайда екенін анықтады», - делінген ақпаратта.

Тұрақты жұмысы болмаған азамат екі жылдай уақыт баласына алимент төлемеген.

Алимент бойынша қарызды өндіріп алу үшін материал жеке сот орындуашысына берілді.


Соңғы жаңалықтар