USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

ШҚО-да баласына алимент төлемеген әйел сотталды

2021 жылғы 19 ақпан 02:30
Бөлісіңіз:
ШҚО-да баласына алимент төлемеген әйел сотталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында тұратын әйелдің баласына алимент төлемегені үшін 1 жылға бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Заңгерлер қауымы Тәуелсіздіктің 30 жылында атқарылған шаруаларды талқылады

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, 2019 жылы әйелден кәмелетке толмаған қызын асырау үшін айлық жалақысының ¼ бөлігі көлемінде алимент өндірілді. Алайда ол алиментті төлемей қойғанына қарамастан, сот орындаушыларының сот актілері міндетті түрде орындалуы керектігі жөніндегі ескертулерін де елемей жүре берген.

«Ол менің баламмен кездесіп жүрді, мен оған қарсы болмадым. Екеуі 3 айдай бірге жүрді де айырылысып кетті. Арада біраз уақыт өткенде мен қыздың нәрестелі болғанын білдім. Оны маған көршілер айтты. Мен бірден перзентханаға хабарласып, мән-жайды сұрастырып едім, олар бұл оқиғаның рас екенін айтты. Мен перзентханаға барып, нәрестемен екі күн жатып, оны үйге алып кеттім. Нәрестенің туған анасы нотариустың алдында перзентінен бас тартатынын айтты, ал менің балам оның әкесі атанды. Қазір сәби 2,5-ға келді. Оны баламыз екеуміз тәрбиелеп жатырмыз. Ал нәрестенің анасы одан бас тартуын өзінің жас екенін және бала тәрбиесімен айналыса алмайтынымен түсіндірді»,-деді жас жігіттің анасы.

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері баласынан бас тартқан ананың 2020 жылдан бері пробация қызметінде есепте тұратынын, өзіне жүкелген міндеттерді де сот үкімін де орындамайтынын айтты.

«Қазргі таңда оның бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы материал дайындалып жатыр»,-деп қосты Үлбі ауданының аға инспекторы, Әділет аға лейтенанты Арай Оразханова.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT