ШҚО-да балалар мінген автобус апатқа ұшырады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында балалар отырған автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, оқиға бүгін Глубокое ауданы Прапорщиково ауылындағы «Өскемен-Шемонаиха» тасжолында болған. Балалар спорт жарысына қатысу үшін автобуспен облыс орталығынан Шемонаиха ауданына бара жатқан.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Howo жүк көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, қоғамдық көлікпен соқтығысқан. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта сол жерде тәртіп сақшылары мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қаза тапқан ешкім жоқ. Зардап шеккендер саны анықталуда.


Соңғы жаңалықтар