ШҚО-да балалар қандай ауруларға жиі шалдығады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында балалардың қандай ауруларға жиі шалдығатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде биылғы 10 айы ішінде 178 297 бала профилактикалық мақсатта медициналық тексеруден өткен.

Соның нәтижесінде, биыл мектеп жасына дейінгі балалар арасында қан ауруының жиі кездесетіндігі анықталды. Ал екінші орында – тыныс алу жүйесінің аурулары. Үшінші орында – эндокриндік аурулар, ағзадағы зат алмасудың бұзылуы және семіздік бар.

«Мектеп оқушылары арасында бірінші орында – көз ауруы, екінші орында – ас қорыту жүйесі, ал үшінші орында – жүйке жүйесінің аурулары тұр. Былтыр осындай тексерумен 137 737 бала қамтылған. Сол кезде мектеп жасына дейінгі балалар арасында жиі кездесетін аурулар дәл осындай еді. Ал мектеп оқушылары ішінде бірінші орында – қан аурулары болған», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар