ШҚО-да балалар денсаулығын профилактикалық тексеруге 4 млрд теңге бөлінді

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 2022 жылы балалар денсаулығын профилактикалық тексеруге 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ШҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Сүйікті бала» арнайы жобасының аясында балаларға көрсетілетін медициналық көмек шығындары өтелуде.

«2022 жылды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы деп жариялады. Қазір медицина саласында аурудың алдын алу аса маңызды. Педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес, балалардың аурушаңдығының, мүгедектігінің және өлім-жітімінің алдын алу, төмендету бойынша кешенді шаралар көзделген. Биыл МӘМС жүйесінде скринингілік және профилактикалық тексерулерді жүргізуге 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді», - делінген ақпаратта.

Оның ішінде аудиологиялық скринингіге – 1 млрд 711 млн теңге, 5 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық тексеруге – 621 млн теңге, мектеп медицинасы шеңберінде профилактикалық тексеруге – 1 млрд 300 млн теңгеге жуық қаржы қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар