+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

ШҚО-да балабақша кезегінде 24 мыңға жуық бүлдіршін тұр

2020 жылғы 14 ақпан 14:10
Бөлісіңіз:
ШҚО-да балабақша кезегінде 24 мыңға жуық бүлдіршін тұр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 23 846 бүлдіршін балабақша кезегінде тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада қанша балабақша бар Ақтауда сәбидің үстіне ыстық сорпа төккен балабақша қызметкеріне қатысты іс тоқтатылды Жақсы жұмыс істеп тұрған балабақшаны жекеменшікке беру дұрыс емес - министр

ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова білім саласына арналған жиында мәлім еткендей, бүгінде өңір бойынша 787 мектепке дейінгі мекеме бар. Оларда 59 122 бала тәрбиеленуде.

«Мектептерде 447 шағын орталық жұмыс істейді. Сондай-ақ 11 987 бүлдіршін екі-үш сағаттық 278 шағын орталыққа барады. Алайда, бұл баланың жан-жақты дамуына мүмкіндік бермейді. Сондықтан аудан, қала әкімдіктері қысқа мерзімді орталықтарды күні бойы істейтін мектепке дейінгі мекемеге айналдыруы керек», - дейді ол.

Қазірде облыста балабақша кезегінде 23 846 бүлдіршін тұр. Балабақша тапшылығы, әсіресе Семей, Өскемен, Риддер, Алтай, Аягөз, Зайсан қалалары мен Глубокое, Ұлан, Үржар және Шемонаиха аудандарында байқалады.

«2025 жылға дейін барлық мемлекеттік балабақшалар мен шағын орталықтар ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуына 100% жағдай жасауы тиіс. Әзірге бұл көрсеткіш 33% құрайды», - дейді Сайрангүл Жұмаділова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT