ШҚО-да бала мен жігіт суға кетті - ТЖК

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында сенбі күні екі адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, суға батып кеткендердің бірі - жеті жасар бала.

2 маусымда Семей қаласының Бобровка кентінде Ертіс өзенінде белгіленбеген жерде өзенге шомылған 1998 жылғы жігіт суға кетті.

Сол күні Жарма ауданы Қызылағаш ауылының Қарасу өзенінде 2012 жылы дүниеге келген бала арнайы жабдықталмаған жерде суға шомылмақ болғанда батып кеткен.

«Бірінші жағдайда ағысы қатты өзенде шомылудың қауіпті екендігін, суда жүзе алмайтынын ескермеген адам ажал құшса, екінші қайғылы оқиғада баланың өлімі ата-ана бақылауынсыз қалуынан орын алған болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Фото: newsnn.ru

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар