ШҚО-да бал өндірісі 5 есеге өспек

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда бірқатар ауыл шаруашылық өнімі жергілікті халықтың сұранысынан бірнеше есе көп өндіріледі. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов ел алдындағы есебінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бал өнімдері жергілікті қажеттілік мөлшерінен бес есе, мал еті екі есе, қарақұмық үш есе, картоп төрт есе, күнбағыс майы 10 есе, ұн 22 есе көп өндіріледі. Бұл салада әлі де әлеуетіміз орасан. Соңғы жылдары осынша мол өнімді Қытай нарығына аса тиімді бағамен өткізу үшін үлкен жоба жүзеге асып жатыр. Ол - Қытай стандарттары бойынша сертификаттайтын зертхана»- деді облыстың әкімі.

Қытай стандарттары бойынша аккредиттелген зертхана биылғы жыл соңына дейін ашылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар