ШҚО-да аз қамтылған отбасылардың үйлеріне улы газды анықтайтын датчиктер орнатылуда

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар тұрмысы төмен отбасылардың үйлеріне улы газды анықтайтын датчиктер орнатуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар жылыту маусымының алдында жеке тұрғын үйлерді аралап, тексеру жүргізуде. Әсіресе әлеуметтік осал отбасылардың үйлеріне баса назар аударылған.

«Бүгінде Шығыс Қазақстанда аз қамтылған отбасылар, мүгедектер, атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж жалғызбасты қарттар тұратын 8172 жер үй бар. Ұлан ауданында ТЖД қызметкерлері көпбалалы жанұялардың үйлеріне улы газды анықтайтын датчиктерді орнатты. Осындай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Құтқарушылардың айтуынша, аталмыш датчиктер жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қажет. Көп жағдайда жер үйлерде адам өлімі пештегі улы газдың салдарынан болып жатады.


Соңғы жаңалықтар