ШҚО-да айыппұлын төлемеген 59 жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында айыппұлын төлемеген 59 жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары әкімшілік айыппұлдарды өндіру мақсатында «Борышкер» жедел алдын алу шарасын жүргізді.

Жеті күн ішінде полицейлер 4 млн теңгеден астам сомасында айыппұлдарды өндірген. Сондай-ақ мамандандырылған тұраққа 59 автокөлік жеткізілді.

«Мәселен, полиция қызметкерлері Өскемен қаласының 20 жастағы тұрғыны басқарған «Subaru» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде жүргізушінің «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенімен автоматты түрде тіркелген жалпы сомасы 120 675 теңгені құрайтын 10 төленбеген айыппұлы бар екені анықталды. Барлық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы бойынша (Жылдамдықты рұқсат етілген шектен асыру) жасалған», - деді Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Еркін Ануарбеков.

Қазіргі уақытта борышкердің көлігі айыппұлды толық өтегенге дейін мамандандырылған автотұраққа орналастырылған.


Соңғы жаңалықтар