ШҚО-да айыппұлы төленбеген 42 көлік арнайы тұраққа қойылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 42 борышкердің көлігі айыппұл тұрағына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында «Борышкер» жедел алдын алу шарасын жүргізуде.

Бір күн ішінде полицейлер айыппұл төлемей жүрген жүргізушілерден 6 млн теңге өндіріп алды.

Сондай-ақ мамандандырылған тұраққа 42 көлік қойылған.

«Тәртіп сақшылары Өскемен қаласының 25 жастағы тұрғыны тізгіндеп келе жатқан «Mercedes» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде ер адамның жалпы сомасы 350 мың теңгеге жететін «Сергек» камераларымен автоматты режимде тіркелген 10-нан астам төленбеген айыппұлы бар екендігі анықталды», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Барлық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы (қозғалыс жылдамдығын арттыру) бойынша жасалған.

Осыған байланысты борышкердің көлігі айыппұлдарды толық өтегенге дейін мамандандырылған тұраққа жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар