ШҚО-да айыппұл төлемеген 46 жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір күнде айыппұлын төлемеген 46 жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 6 сәуірден бастап өңір аумағында «Борышкер» жедел алдын алу шарасын жүргізуде.

Бір күн ішінде полиция қызметкерлері мемлекет бюджетіне 6 млн теңгеден астам қаражат өндірді.

Сондай-ақ төленбеген айыппұлдары бар 46 жүргізушінің көлігі мамандандырылған тұраққа қойылған.

Мәселен, полицейлер Өскемен қаласының 30 жастағы тұрғыны тізгіндеген «Toyota» маркалы көлікті тоқтатты.

Тексеру кезінде ер адамның 14 рет жол ережесін бұзып, айыппұл төлемегені анықталды.

«Барлық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы (қозғалыс жылдамдығын рұқсат етілген шектен асыру) бойынша жасалған. Осыған байланысты борышкердің көлігі айыппұлдарды толық өтегенге дейін арнайы тұраққа жеткізілді», - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.


Соңғы жаңалықтар