ШҚО-да әйелі тастап кеткен ер адам үшінші қабаттан секірмек болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында полиция қызметкерлері суицидтің алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін таңертең полиция аға лейтенанты Әлия Анаева жұмысқа бара жатқанда Курчатов көшесіндегі көпқабатты үйдің терезесінен секірейін деп тұрған ер адамды көріп қалған. Ол бұл жайлы бірден «102» арнасына хабарлады.

«Оқиға орнына полиция аға лейтенанты Айхан Әуіталипов пен кіші лейтенант Қуат Байшоқов келіп жетті. Әлия өз өзіне қол жұмсауға әрекеттенген азаматты әңгімеге тартып тұрғанда, екеуі оны ұстап, терезе маңынан алып кетті. Ер адам мас болған», - делінген ақпаратта.

Анықталғандай, Алтай қаласының тұрғыны мұндай қадамға өзін әйелі тастап кеткендіктен бармақ болды.


Соңғы жаңалықтар