ШҚО-да әйелі тастап кеткен ер адам көпірден секірмек болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында ер адам көпірден секірмек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қазан күні сағат 14.46-да 43 жастағы ер адам понтон көпірінен секірмек болған. Осы кезде сол маңайда қайықпен іздестіру жұмыстарын жүргізіп жүрген құтқарушылар көпірдегі азаматты байқап қалып, әріптестерін көмекке шақырады.

«Бірден келіп жеткен Өскемен қаласы Полиция басқармасының потрульдік полицейлері Әнуар Мұхаметқалиев пен Нұржан Ілиясов ер адамды көпір жақтауынан алып шықты. Сол мезетте ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің психологы Оксана Петрова құтқарушылармен бірге өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды әңгімеге тартты. Ол бірден құлақ түріп, сөйлесіп, әйелі мен балаларының өзін тастап кеткенін айтты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар