ШҚО-да аязға қарамастан 37 жолаушысы бар автобус жолға шыққан

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері аязға қарамастан жолға шыққан автобустан 37 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде ауа температурасының күрт төмендеп кеткеніне бірнеше күн болды. Құтқарушылар мен полицейлер тұрғындарға алыс сапарға шықпауға кеңес беруде. Алайда бұған құлақ аспаған қоғамдық көлік жүргізушісі «Өскемен-Аягөз» бағытында жолға шығып кеткен. Осылайша, 5 қаңтарда сағат 19.30 шамасында «Алматы-Өскемен» тасжолының 778-шақырымында тәртіп сақшылары «Setra» маркалы көлікті тоқтатты.

«Автобус жүргізушісінің айтуынша, салонда 37 жолаушы болған. Олар облыстағы ЖШС-лардың бірінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін полиция қызметкерлері жолаушыларды эвакуациялап, Аягөздегі қонақүйлердің біріне орналастырды», - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар