ШҚО-да аязға байланысты бірнеше ауданда сабақ тоқтатылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында аязға байланысты мектептерде сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты бірқатар қала, аудандағы мектептерде сабақ болмайды.

Атап айтқанда, Өскемен қаласында (-34) 0-4 сыныптар, Бородулиха ауданында (- 34) 0-11 сыныптар, Алтай ауданы (-33) 0-9 сыныптар, Семей қаласында (-31) 0-9 сыныптар, Риддер қаласында (-28) 0-5 сыныптар, Шемонаихада (-34) 0-11 сыныптар, Жарма ауданында (-33) 0-3 сыныптар, Бесқарағай ауданында (-32) 1-11 сыныптар, Курчатовта (-29) 1-4 сыныптар, Катонқарағай ауданында (-33) 1-11 сыныптар, Күршім ауданында (-29) 0-11 сыныптар оқымайды.


Соңғы жаңалықтар