ШҚО-да аязды күні 200-ден астам адамға көмек көрсеткен азаматтар марапатталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында аязды күні 200-ден астам адамға көмекке келген 5 азамат ҚР Төтенше жағдайлар министрінің Алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа температурасы күрт төмендеген кезде жерлестеріне көмек көрсеткен аймақ тұрғындарын марапаттау рәсімі өтті. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің атынан 5 азаматқа департамент бастығы Ерлан Нұрпейісов пен «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы ШҚОФ төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Талғат Құрманғалиев Алғыс хаттарды салтанатты түрде табыс етті.

«Виктор Бобровский, Дмитрий Волженин, Андрей Ливеринов, Марина Ливеринова және Александр Самойлов аязды күні халыққа нағыз қамқорлық көрсетті. Қаңтар айында 30 градустан асқан суықта олар жолаушыларды аялдамалардан алып, үйлеріне дейін жеткізіп тастады. 2 күннің ішінде олар 200-ден астам тұрғынға көмектескен», - делінген ведомство хабарламасында.

Көрсетілген қамқорлықтың, адамгершіліктің, азаматтық белсенділіктің және қиын жағдайға тап болған жандарға көмектесуге деген ықыластың арқасында бұл азаматтар жазатайым оқиғалардың алдын алды.


Соңғы жаңалықтар