ШҚО-да автокөліктің құжаттарын үйден шықпай-ақ рәсімдеуге болады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының есігін ешкім бұзып кірген жоқ. Әлеуметтік желілерде таратылған бейнежазбаны халық дұрыс түсінбей қалған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысындағы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамені басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі күні облыс орталығындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында (АвтоЦонда) сағаттап кезек күтіп тұрмайсыз. Әрине, шілденің басында мұндай оқиғалар болған. Мұны жасырмаймыз. Бірақ қазір бұл мәселенің бәрі реттелді», - дейді Қайрат Сапарғалиев.

Мамандандырылған қызмет көрсету орталығынның жүктемесін азайту мақсатында бүгінде Өскемендегі Қ.Сәтпаев, Қазақстан және Мыза көшелерінің бойындағы ХҚКО-нан қосымша «терезе» ашылды. Енді сол жерлерге барып, автокөліктің құжаттарын тез арада рәсімдеуге болады. «Сонымен қатар, үйде отырып-ақ интернеттің көмегімен құжаттарды алуға өтініш білдіріп, бір сағаттан соң мамандандырылған ХҚКО-ға келіп дайын құжаттарды алып кетуге болады», дейді мамандар.

Соңғы жаңалықтар