ШҚО-да автобус жүргізушілері үш күнде 700 рет ереже бұзған
2021 жылғы 25 қаңтар 21:00

ШҚО-да автобус жүргізушілері үш күнде 700 рет ереже бұзған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Автобус» жедел-алдын алу шарасы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 күннің ішінде әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 700-ден астам автобус жүргізушісі анықталды. Оның ішінде көлік тізгінінде телефон пайдаланған – 115, мас күйінде рульге отырған – 1, маневр жасау ережелерін бұзған 120 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ 10 жүргізушінің жұмыс және демалыс режимін бұзғандығы анықталды. 640 қоғамдық көліктің жылу және электр жабдықтарының жай-күйі тексерілді.

«Автобус» жедел-алдын алу шарасының мақсаты – қоғамдық көлік жүргізушілері арасындағы заңбұзушылықтарды анықтау және алдын алу. Осындай шаралар жол-көлік оқиғаларының азаюына да ықпал етеді», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.


Jańalyqtar

MURAǴAT