ШҚО-да автобус жүргізушілері үш күнде 486 рет жол ережесін бұзды
2021 жылғы 9 қазан 04:15

ШҚО-да автобус жүргізушілері үш күнде 486 рет жол ережесін бұзды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында автобус жүргізушілері үш күнде 486 рет жол ережесін бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір аумағында тәртіп сақшылары «Автобус» жедел алдын алу шарасын жүргізуде. Мұндағы мақсат – қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол ережелерін сақтауын, жолаушылардың тиісті талаптарға сәйкес тасымалдануын тексеру.

«Шараның үш күнінде 486 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде автобустан шығатын газды нормадан асыру – 41, рульде отырып телефонмен сқйлесу – 81, маневр жасау қағидаларын бұзу – 105. Соның нәтижесінде 21 қоғамдық көліктің қатынауына тыйым салынды», - деді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нұриев.

Сондай-ақ техникалық ақауы бар көлікті желіге шығарғаны үшін автобус парктерінің 3 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылған.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT