ШҚО-да автобус жүргізушілері бір күнде 170 рет жол ережесін бұзған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық көлік жүргізушілері бір күнде 170 рет жол ережесін бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір аумағында 21 ақпаннан бастап «Автобус» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде. Ондағы мақсат – қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол ережесін бұзудың алдын алу. Бір күнде 170-тен астам ереже бұзу фактісі тіркелді.

Атап айтқанда, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін – 34, рульде отырып телефон пайдаланғаны үшін – 30-дан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 130 автобустың жылыту және электр жабдықтарының жағдайына сәйкестігі тексерілді.

«Сонымен қатар Семей қаласында жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген қоғамдық көліктің 41 жастағы жүргізушісі анықталды. Ол қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу арқылы басқа көлікті басып озған. Осы бұзушылық үшін ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылды. Жүргізуші 6 ай мерзімге көлік тізгіндеу құқығынан айырылуы мүмкін», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар