ШҚО-да автобус қаққан 14 жастағы қыз мерт болды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында автобус қағып кеткен кәмелетке толмаған қыз көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 2 қараша күні кешкі уақытта Алтай қаласында болған.

Горький мен Бочарников көшелерінің қиылысында келе жатқан «ПАЗ» маркалы автобус жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағында 14 жастағы қызды қағып кетті. Жеткіншек алған жарақаттарынан сол жерде тіл тартпай кеткен.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар