ШҚО-да автобус апатқа ұшырады, 3 ересек адам мен бір бала қаза тауып, 18 адам жарақаттанған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО-ның Үржар ауданындағы «Таскелен-Бақты» күре жолында ауа райының қолайсыздығы салдарынан «Алматы-Мақаншы-Қабанбай» бағытымен келе жатқан автобус аударылды, деп хабарлайды ШҚО ТЖД.

Автобуста 25-ке жуық жолаушы болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол-көлік оқиғасының салдарынан 18 адам жарақат алып, 4 адам, соның ішінде бір бала қаза тапты.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың есімдері анықталуда. Оқиға орнында ТЖБ, «ӨСжАҚЖ» ММ, АІІБ,жедел медициналық жәрдем қызметінің күштері мен құралдары жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар